Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті

    Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шұғыл жиын өткізді. Аудан, ауыл әкімдерінің басын қосқан ол шенеуніктердің жұмысын тағы да сынға алды.

    Ақтөбе облысында экономиканың дамуы қарқыны төмен. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашеваның айтуынша,өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтырмен салыстырғанда 259,3 млрд теңгеге төмен. Тау кен игеру өнеркәсібінде де ілгерілеу жоқ. Инвестиция тарту да төмендеген. Бұған аудан әкімдерінің ірі кәсіпорындармен бірлесе жұмыс жасамауы себеп. Ауылшаруашылығындағы өсім тек қана 3 пайызды құрайды. Аудандарда шағын және орта бизнеске қолдау аз. Жеке кәсіпкерлердің арасында мемлекеттен берілетін көмекті білмейтіндер де бар. Экономикалық өсім көрсеткіштері бойынша Ырғыз, Мұғалжар, Шалқар мен Темір аудандары көш соңында тұр.
    Жиын барысында Бердібек Сапарбаев экономикасы дамымай отырған аудан, ауыл басшыларын кезек-кезек тұрғызып, сұрақтың астына алды. Алғашқы болып Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев орнынан тұрды.

    - Сіздің есебіңізді тыңдадым. Қағаз жүзінде бәрі жақсы. Іс жүзінде бәрі нашар. Осылай жалғаса бере ме? Неге Темір ауданы 15 көрсеткіш бойынша ең төменгі орында? Мұнай мен газ бар. Ауыл шаруашылығы бар. Жер мен су жеткілікті. Неге нәтиже жоқ. Аудан көрсеткіші неге төмендейді? Шағын және орта бизнес неге дамымайды? Темір ауданында бір жыл бойы бірде-бір әлеуметтік нысан салынбаған.Ұят емес пе? Кішкентай клуб салуға болмай ма? Сіз өзіңіз жұмыс істемейсіз. Сізге қарап ауыл әкімдері де жұмыс істемейді, –деді облыс әкімі.

    - Статистика басқармасы 1800 шағын және орта бизнес субъектісі бар деп есеп берген. Ал іс жүзінде олардың саны- 1600. Прокуратураға түзетуге жібердік. Бір жылдың ішінде 948 жұмыс орыны қысқарды дейді. Бізде 800 жұмыс орыны ашылды. Біз онымен келіспейміз, -деп аудан әкімі ақталып бақты.
    Темірден соң Шалқар, Мұғалжар мен Ырғыз ауданы, ауыл әкімдері де орындарынан көтерді. Облыс басшысы әр әкімнің қанша жыл басшы болғанын сұрады. Төмен нәтиже көрсеткендердің арасында Мұғалжар ауданында 22 жыл ауыл басқарған әкім де болып шықты. Бердібек Сапарбаев қыруар қаржы бөлінсе де нәтиже жоқтығына қынжылды.

    Жиын барысында Сапарбаев әкімдерге өз туыстарын қарамағына жұмысқа алмауларын да қатаң ескертті. “20-30 жыл әкім болсаңыздар да, жұмыстарыңызда нәтиже болсын. Туыстарыңызды өз қарамақтарыңызға жұмысқа алмаңыздар. Халықтан ұят емес пе? Әкімдер мен басқарма басшылары осылай жасаса, басқаларынан не күтуге болады?” деген әкім шенеуніктерді адамгершілікке шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мұғалжар ауданы әкімінің үйі жарықсыз қалды
  • Темір ауданында қылмыс көбейген
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Бюджетке 62 млрд теңге түсті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге