Түлектер бітіру кешін мектепте өткізеді

Биылғы түлектеріне мектеп бітіру кешін сән-салтанатты етіп өткізуге тиым салынады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. бірақ эпидемиалогиялық жағдайдың жақсаруына байланысты мектеп бітіруге арналған мерекелік шараларды мектеп қабырғасында өткізуге рұқсат етілді.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Биыл соңғы қоңырау дәстүр бойынша 25 мамырда соғылады. Ал түлектерге аттестат беруге арналған салтанатты шара 16-17 маусым күндері өтпек. Мектеп бітіру іс-шаралары міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс. Іс-шара өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға, салтанатты дастархан ұйымдастыруға,  жалға көлік алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға, мектеп бітіру шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа да көңіл көтеретін орындарда өткізуге болмайды. Сондай-ақ, биыл әлеуметтік жағынан осал отбасылар мен балаларға көмек көрсету бойынша түлектердің «Балаларға мейірімді жүректен», «Туған елге тағзым» қайырымдылық бастамаларына, «Мектепке сый» ағаш отырғызу, «Кітап сыйла мектепке», «Алғашқы ұстазыма алғыс!» акцияларына қолдау көрсетілмек. «Педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектептің қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен киім алуға шығынданудың қажеті еместігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді» дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеумет
14:30, 30 май 2022
595
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив