Әлеуметтік желі – журналистің басты құралы

    Қазақ журналистері Ұлыбританиядағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейде қызмет ететін мүмкіндікке ие болады. Бұл жөнінде “Түркі тілдес журналистер қоры” ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы мәлімдеді.

    Ақпан айының 5-6 күндері Атырауда аталған қоғамдық қордың ұйымдастыруымен “Кәсіби шеберлік және журналистика” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шеврон компаниясы демеушілік көрсеткен бұл жиынға Атырау, Ақтау, Орал және Ақтөбе облыстарындағы БАҚ өкілдері қатысып, “Экономикалық журналистика. Онлайн медиа. Заманауи гаджеттерді журналис-тикада тиімді пайдалану туралы” тақырыпта дәрістер тыңдады.

    “Керек.info” тілшісі де қатысып қайтқан семинар-тренингте жаңа медиа саласында әлеуметтік желілердің пайдасы туралы сөз болды. Ақпараттық технологияларды журналистикада тиімді пайдалану, сайт жұмысын жандандыру, әлеуметтік желілерді шынайы ақпарат алаңына айналдыру туралы дәріс тыңдаған батыстық журналистер тәжірибе жүзінде пікір алмасып, бір бірімен етене таныс-ты. Семинар соңында тренингке қатысқан әр журналистке “Кәсіби шеберлік және журналистика” дәрісін тыңдағанын айғақтайтын сертификаттар табысталды.

    “Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ 2014 жылы құрылған. Мақсаты - Қазақстан және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Татарстан секілді түркі елдеріндегі БАҚ серіктестік орнату, іскерлік ынтымақтастықты арттыру, тығыз қарым қатынаста болу,- дейді аталған қордың президенті Нәзия Жоямергенқызы.
    Қордың жанынан Қазақстандағы әйел журналистер клубы мен жас журналистер клубы құрылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Судьялар халыққа жақын болуға мүдделі
  • Аршат Оразов: Танымал ақпараттық сайттардың жазатыны – өсек-аяң, масқара-сұмдық
  • Ақтөбелік журналистер жеңімпаз болып оралды
  • ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
  • Сайлау алдындағы семинар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге