Ақтөбелік оқушылар республикалық өнер байқауынан оралды

    Ақтөбедегі №24 лингвистикалық мектеп-гимназия оқушылары республикалық өнер байқауынан жүлдемен оралды. Дарынды оқушылардың қуанышымен “Керек.info” тілшісі бөлісіп қайтты.

    Алматыда 12-13 ақпан күндері оқушылар арасында III республикалық “Атадан мұра” өнер байқауы өтті. Оған республикадағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Байқауды “Ұлан” газеті мен “Атадан мұра” қоғамдық қоры ұйымдастырған.
    “Керек.info” тілшісі 16 ақпан күні “Алматы-Ақтөбе” бағытындағы пойыздан жеңімпаздарды қарсы алды. Жеңімпаздардың бірі-Аружан Малаева. Ол республикалық байқаудан екі бірдей жүлдені иеленген. Мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы шығарма бөлімі бойынша II орын, мәнерлеп оқу бағыты бойынша III орынды иеленген. Аружан қазақ тілі мен әдебиеті пәнін ерекше жақсы көреді. Болашақты ұстаз болуды армандайды.

    Байқауға Ақтөбеден барған №24 лингвистикалық мектеп-гимназия оқушылары қазылар алқасының көңілінен шыққан. Вокал жанры бойынша Анар Нұреева бірінші орынды, Даяна Омарова қолөнер саласы бойынша бірінші орынға лайық деп танылған. Оқушыларға арнайы кубок табыс етілді.
    №24 лингвистикалық мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғазиза Матенова бұл жеңіс - “балалардың еңбегі, ұстаздардың жемісі” деп бағалайды. Алыс сапарға жіберген ата-аналарға алғысы шексіз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі Назарбаев мектебінің оқушылары қазақ тіліне шорқақ
  • Жеңімпаздар мұз айдынын бір ай бойы тегін пайдаланады
  • Жасөспірімдер Республиқалық жарыстан жеңіспен оралды
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік палуандар жүлдемен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге