Ақтөбеде автокөлік тасымалдаумен айналысқан күдікті ұсталды

 Күдікті Ақтау қаласынан Астана қаласына екі кроссоверді алып келуге уәде берген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Полицияға Шымкент қаласының тұрғынынан белгісіз адамның уәдесінде тұрмай, автокөліктерді иемденгені туралы хабар келген. Жедел іздестіру барысында Ақтөбе полицейлері күдіктіні ұстады. Күдікті өзін автовоздың жүргізуші ретінде көрсетіп, көліктерді жеткізіп беруге уәде бергені анықталды.

 Полицияның дерегінше, ол Ақтөбеге дейін автовоз жалдап, қалаға жеткен соң көліктерді басқа автовозға тиеп, Алматыға жөнелткен. Алматыдан Mitsubishi Montero Sport маркалы екі автокөлік табылып, иесіне қайтарылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-тармағының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Құқық
11:00, 17 март 2023
694
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив