Әкімнің орынбасарына 12 млн. теңге төледі

 Айыпталып, кейіннен ақталып шыққан Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарының пайдасына 12 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров қылмыстық құққықбұзушылық жасады деп күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылып, апелляциялық сотпен аяқталған. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды оңалту және өтеу құқығы танылған.

Сот шешімімен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне қайта кірісті. Соттан инфляцияны ескере отырып 22 946 419 теңге мөлшерінде жоғалған жалақысын өтеуді сұрады. Сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Апелляциялық сот ішінара қанағаттандырылған.

“ҚР Қаржы министрлігінен Әубәкіровтің пайдасына оны қылмыстық жауапкершілікке тарту және заңсыз соттау салдарынан келтірілген мүліктік зиян 12 404 702 теңге сомасында өндірілді” ,-делінген хабарламада. Сот актісі заңды күшіне енген.


Құқық
13:00, 17 март 2023
1 091
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив