Мүгедектер арба сапасына риза емес

    Мүгедектер  арба сапасына риза емес

    Cал ауруына шалдыққан ақтөбеліктердің мемлекет беретін мүгедек арбасының сапасына көңілдері толмайды. 5 жылда бір берілетін арбалар 1 жылға да жетпей жарамсыз болып қалып жатыр.

    Мемлекеттік тендерді ұтып алған кәсіпкерлер арба сапасына мән бермейді. “Сал аурына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы“ қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлмирам Сражова осылай дейді. Оның айтуынша, кәсіпкерлердің әкелетіні арзан, сәйкесінше сапасыз өнім. Ол арбалар ыңғайсыз, әрі жайсыз. Әлсін-әлсін бұзылып қалады.

    Ақтөбеде қосалқы бөлшектері де сатылмайтын арбаны жөндеудің өзі күш. Сондықтан осы орталықта жұмыс жасайтын 1-топ мүгедегі Мейрам Смағұлов арба жөндеуші болып маманданып алған. Сынған арбаларды сыммен бұрап, болмаса екеуінен біреуін әрең дегенде құрастырып шығарады.
    Гүлмирам Сражова мемлекет тарапынан берілетін арбадан екі жыл қатарынан бас тартып келеді.

    - Тоқсаныншы жылдары жақсы арбалар берілетін. 1989 жылы алған арбам “ MEYRA” компаниясының өнімі еді. 15 жыл бойы жөндеусіз пайдаландым. Қыста омбы қардан да тез өтіп кететін. Шыдамдылығы сондай әлі күнге дейін жарамды. Көнергені болмаса, өте ыңғайлы. Ал қазір мемлекет бізге шамамен 90 мың теңгенің арбасын береді -дейді Гүлмирам.

    Сәуірдің 14-і күні Ақтөбеге сапалы арба шығаратын “MEYRA” неміс компаниясының өкілі Егор Красильников келді. Бұл компанияның өнімдері Қазақстанға 2009 жылы келген. Компания өз өніміне 2 жылға кепілдік береді. Арбалар 100 мың теңгеден басталып, 5-6 миллион теңгеге дейін барады. Оның ішінде спорттық арбалар да бар. Бұл компанияның өнімін мүгедектер арасында өтетін жарысқа қатысушылар жақсы алады.Сапасыз арбалардан шаршаған ақтөбеліктер бұл тауарлардың мемлекеттік тапсырыс аясына кірмейтіндігіне наразы.

    Ақтөбеде мүгедектер арбасын пайдаланатын 400-ге тарта адам бар. Сал аурына шалдыққан азаматтарды қолдау қоғамына қазір 1200 адам және олардың отбасы мүше.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік альпинистерге демеуші қажет
  • Зауытқа 450 жұмысшы қабылданады
  • Емші бала Ербосын Ақтөбеге келді
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Кәсіпкер Ресейдің кеден комитетін сотқа бермекші
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге