Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті он бір пайызға көтереді

    Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті 11 пайызға қымбаттатпақ. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Болатбаев хабарлады.

    Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті 1 сәуірден бастап 11 пайызға көтереді. Мекеме тарифті 58 пайызға дейін қымбаттатуға өтініш білдірген. Оған жұмысшылардың жалақысын көбейту мен техникалық құрал-жабдықтардың бағасының өсуі себеп болғанын алға тартуда. Алайда, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті олардың өтінішін толық қанағаттандырмады.
    - Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті 58 пайызға көтеруге ұсыныс тастады. Алайда, біз саралап, орташа баға 14 пайызды қалдырдық. Бұл тікелей тарифтің қымбаттауына әсер етпейді,-дейді Нұрлан Болатбаев.
    Осыған орай “Керек.info” тілшісі “Трансэнерго” АҚ да хабарласқан еді. Өйткені, Ақтөбе жылу электр орталығынан шыққан жылуды тұтынушыларға жеткізіп беруші осы мекеме. Баспасөз қызметінің берген мәліметіне қарағанда, “Трансэнергода” бағаны өсіру туралы әзір ешқандай шешім қабылданбаған.
    Онсыз да Ақтөбеде жыл басында жылу ақысы қымбаттады. Осыған орай облыстық прокуратураға зейнеткерлерден көп шағым түскен. Бұл туралы басқарма прокуроры Алмат Қалымбетов мәлімдеді.

    - Тарифтің қымбаттауы зейнеткерлерге қиындық тудырып жатыр. Прокуратураның 901-463 номеріне күніне ондаған қоңырау түседі. Жеке тұлғалардың шағымдарын қарап жатырмыз. Әзірге құқықтық баға берген жоқпыз,-дейді Алмат Қалымбетов.
    Еске сала кетейік, жаңа жылдан бастап “Трансэнерго” АҚ жылу бағасын жеке тұлғалар үшін 49 пайызға, заңды тұлғалар үшін 131 пайызға қымбаттатқан болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жылудың қымбаттауы кәсіпкерлердің наразылығын туғызды
  • Коммуналдық қызмет құны 30 пайызға қымбаттайды
  • 5 қазанда жылу беріле бастайды
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • “Трансэнерго” тұтынушыларға артық төленген ақыны қайтарып берді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге