Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды

 29 наурызы күні сағат 05-30 шамасында «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті,-деп хабарлайды ПД-нің баспасөз қызметі.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының мәйітін тапқан. Мәйітте зорлық белгілері бар. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізілуде.


Құқық
08:00, 29 март 2023
833
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив