Ақтөбелік әже 62 жасында жүргізуші куәлігін алды

 Ақтөбе қаласының тұрғыны 62 жасында жүргізуші куәлігін алды. Енді зейнеткер әже сағаттап автобус күтіп тұрмайды. Немерелерін үйірмелерге өзі таситын болды.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Махамбетова 62 жаста. Ақжар елдімекенінде тұрады.Немерелері қала орталығына қосымша үйірмелерге барады. Әже балаларын автобуспен қатынатып жүр. Қыстың қытымыр аязында, күннің шыжыған ыстығында қоғамдық көлікті ұзақ күтіп, әбден мезі болған.

Осылайша, әже жасына, үйіндегілердің қарсы болғанына қарамастан, немерелері үшін автомектепке жазылады. Қолына жүргізуші куәлігін алған. Енді жер кеуіп, күн жылығанын күтіп отыр. Жол ережесін де жақсы біледі.

- Балаларым жұмыста. Екі немеремді өзім қалаға тасимын. Ақжарда автобус өте жәй жүреді. Қыста аялдамада ұзақ тұрып, тоңып қалатын. Немерелерім үшін көлік айдауды үйреніп, неге көлік жүргізбеске деген ой туды. Автомектепте кейбір жастар маған таңырқай қарайтын. Оларға көлік қалай қажет болса, маған да қажет. Бастысы, немерелерімнің амандығы мен қауіпсіздігі,-дейді.

Наталья Махамбетова есепші болып жұмыс істеп, осыдан екі жыл бұрын зейнетке шыққан. Жас кезінде көлік жүргізу ойында болған. Алайда, құнттамаған. Көлік жүргізудің алғашқы емтиханынан сүрінген. Екінші емтиханға күндіз түні дайындалып, 40 сұрақтың 33-не дұрыс жауап берген. Зейнеткер бірінші рет көлік руліне отырғанда еш қорқыныш болмағанын айтты. Автомектептегі практикалық курста нұсқаушы жүргізушіде өз-өзіне деген сенімділік болу керектігін ескерткен.



Әлеумет
10:00, 04 апрель 2023
775
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив