Көпбалалы аналар марапатталды

    Көпбалалы аналар  марапатталды

    Ақтөбеде көпбалалы үш әйел “Алтын алқа”, ал 10 әйел “Күміс алқа” иегері атанды. Көпбалалы әйелдердің ішінде шау тартқан ана да, жасы 40-тан енді асқан әйел де бар.

    Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын көпбалалы аналарды “Алтын алқа” және “Күміс алқа” медальдарымен марапаттады.
    Қарақалпақстаннан көшіп келген Құралай Рахманованың жасы 40-та. Қазақстанға үш баламен келген Құралай қазір 8 баланың анасы. Балаларының үлкені 20 жаста болса, кішісі 4 айлық.

    - Құдай көпсінбесін, бала көп деп айтуға қорқамын. Алланың бергені ғой. Екі ұл, алты қызым бар, кіші қызым жасқа да жеткен жоқ. Тұрмыс қиын, ақша жоқ деп сылтауратсаң, отыра бересің. Әйелдің өмірдегі бас-ты міндеті- ана болу, ұрпақ өрбіту. Өзім жұмыссызбын,жолдасым мен үлкен ұлым жұмыс істейді. Құдайға тәубе, жоқ-жітікпін деп ешкімнің алдында алақан жайған емеспіз-дейді Құралай.
    Көпбалалы аналардың ең жасы Жанат Нұржанова 34-те. Алты баланың анасы. Ол “Күміс алқа” медаліне ие болды.
    - Өзім де алты балалы отбасында өстім, көппіз, қиын болды деп айта алмаймын. Әр баланың өз несібесі бар .Жолдасым уақытша жұмыссыз болса да, қиындық көріп отырған жоқпын. Үлкенім 6 сыныпта оқиды. Қолқанат болуға жарап қалды.

    Көпбалалы аналар  марапатталды

    Ал жасы 70-ке қараған шағында “Күміс алқа” иегері атанған Көлдір Нұрсейітованың бар арманы - балаларының амандығы.
    - Баланы біреу үшін емес, өзім үшін тудым. Қазір қызықтарын көріп, әже атанып, ардақты ана болып отырмын. Арнайы шақырып құттықтағанына рақметімді айтамын.
    Ақтөбе қаласында барлығы 6479 көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде “Алтын алқа” белгісінің иегері 1272, “Күміс алқа” иегері 1537, “Батыр ана” - 337, “Ана даңқы” 1, 2, 3 дәрежедегі 288, төрт және одан да көп балалылар 3045. “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иелері мемлекеттен ай сайын 13 570 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев ақтөбелік әйелдерді мерекесімен құттықтады
  • Үшем туған ақтөбелікті қала басшылары құттықтады
  • Ақтөбелік жас боксшылар олжалы оралды
  • Ойыл мен Байғанинде “Алтын алқа” иелері көп
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге