Қанат Айтбаев — Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы

    Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып Қанат Айтбаев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
    Мәдениетке келген жаңа басшы осы сала өкілдеріне бүгін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ғимаратында таныстырылған. Бірақ бұл жиынға БАҚ өкілдері шақырылған жоқ.

    - Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы басшысының алдына Бердібек Сапарбаев жаңа міндеттер қойды. Соның ең бастысы- ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараларды тиісті деңгейде өткізу. Сондай-ақ, мәдени нысандардың белсенділігін арттыру, облыс аумағында ауқымды мәдени шаралар өткізу тапсырылды-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызмет.

    Қанат Айтбаев қазір 44 жаста. Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі. Сазгер, әнші, кәсіпкер. Қанат Айтбаев іргетасын қалаған “Димаш-Али” студиясы қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында кеңінен танымал. Ал оның ең басты “жобасы”- Димаш Құдайбергенов былтыр Витебскте өткен халықаралық конкурста жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша 175 балл жинап, бас жүлдені жеңіп алды.
    Бүгіннен бастап Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасына жетекшілік ететін әнші Қанат Айтбаев әр жылдары Ақтөбедегі “Достық” үйінде, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында басшылық қызметте болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ішкі саясатқа жаңа басшы келді
  • Димаш Құдайберген – жас миллионер
  • Димаш – “Славянский базар-2015” конкурсының Гран-при иегері
  • Әншінің әжесі: Димаш – халықтың ұлы!
  • Облыстық музейге жаңа ғимарат берілмейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге