Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды

    Мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтамаған Мәртөк ветеринарлық станциясының басшысы жұмысынан шығарылды. Сәрсенбі күні тәртіптік кеңестің кезекті отырысында бюджет қаражатын талан-таражға салған қызметкерге осындай шара қолданылды.

    Прокурорлық тексеру 2014 жылы Мәртөк ауданында бруцеллезге қатысты 292 деректің тіркелгендігін анықтады. Ауру мал 69 рет арнайы мал сою бекетінің аумағынан тыс жерде бауыздалған. Кейін ауру мал еті облыс аумағында еркін сатылып, өзге аймақтарға заңсыз тасымалданған. Ауру малды арнайы орында сою үшін Мәртөкке бюджеттен 560 мың теңге бөлінді. Алайда, ветеринарлық станция басшысы “Мәртөк Агро» АТК-да мал соятын бекеттің жоқтығына қарамастан, оған 200 мың теңгеге жуық қаражат аударған. Бұған қоса мемлекеттік мекеменің “Мәртөк Агро» АТК –мен бруцеллез малды санитарлық жою жөнінде мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізбестен келісім-шарт жасағандығы белгілі болды. Нәтижесінде жұмыстың орындалғаны жөнінде 1 млн 200 мың теңгеге жуық қаражатқа заңсыз акт жасалған. Прокуратура тексергенде ветеринарлардың оны дәлелдейтін құжаттары жоқ болып шыққан. Одан бөлек Байнасай және Хазрет ауылдарындағы мал дәрігерлік бекетке арналған үйлер заң талаптарын өрескел бұза отырып сатып алынбақ болған. Мемлекеттік қызметкердің әрекетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты белгілер бар деп тапқан тәртіптік кеңес бір ауыздан оны жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.

    15 сәуір күні тәртіптік кеңес тағы бірнеше мемлекеттік қызметкердің ісін қарады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жамбылда бруцеллезге орай карантин жарияланды
  • Қурайлының тұрғындарына екпе туралы айтылды
  • Қобдада 24 студентке шәкіртақы төленбеген
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Хлебодардың мал-жаны бруцеллезбен ауырып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге