Ақтөбеде қыздар лицейі ашылады

    Ақтөбеде қыздар лицейі ашылады

    Ақтөбеде қыздарға арналған қазақ – түрік лицейі ашылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың КАТЕV халықаралық қоғамдық қорының бас директоры Мехмет Месут Атамен кездесуі барысында белгілі болды.

    Қазіргі таңда Ақтөбеде бір ғана қазақ-түрік лицейі бар. Онда 200-ден астам оқушы білім алып жүр. Халықаралық білім додаларында оң нәтиже көрсетіп жүрген лицей ер балаларға арналған.

    Ақтөбеге келген сапарында КАТЕV халықаралық қоғамдық қорының бас директоры Мехмет Месут Ата облыс әкімінен бос тұрған ғимараттардың бірін қыздарға арналған лицей үшін беруін сұрады. Бердібек Сапарбаев облыс орталығында қыздар лицейіне лайықты ғимараттың жоқтығын айтты. Бұл мәселені шешу үшін ол түрік кәсіпкеріне жаңа ғимарат салуды ұсынды. Ал жергілікті әкімдік жер бөліп, инженерлік коммуникациялар тұрғысынан жәрдемдеспек.

    Облыс әкімінің баспасөз қызметі қыздар лицейінің құрылысы туралы нақты шешім алдағы 1 ай көлемінде қабылданатынын хабарлайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Университет технопарк салмақшы
  • Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Ақтөбеде цемент зауыты салынады
  • Ясныйға жаңа мектеп салынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге