Кәсіпкерлер “Трансэнергоны” сотқа берді

    Кәсіпкерлер “Трансэнергоны” сотқа берді

    “Трансэнергоның” тарифті қымбаттатқанына орай сауалдар әлі де толастамай тұр. Осыған орай, 15 наурыз күні Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жиын өткізді.

    2014 жылы газ және газбен қамтамасыз ету заңнамасына өзгеріс енгізілген. Яғни, газ құбыры тек қана ұлттық оператор арқылы өту керек деген бұйрық шықты. Бұрын “Трансэнерго” 1000 куб метр газ үшін “СНПС-Ақтөбемұнайгазға” 1182 теңге төлеп тұрған. Енді “Трансэнерго” 1000 куб метр газ үшін ұлттық оператор - “ҚазТрансГаз Аймақ” акционерлік қоғамына 4105 теңге төлеуге мәжбүр.
    - Жанармайдың, судың, газдың қымбаттауы да бағаның көтерілуіне ықпал етті,-дейді “Трансэнерго” ЖШС қаржылық мәселелері бойынша директордың орынбасары Айгүл Ахметова.

    “Трансэнерго” халықты “тұрғындар” және “өзге тұтынушылар” деп жіктеп қойған. Өзге тұтынушылар дегені жеке кәсіпкерлікпен айналысушылар. “Трансэнергоның” ұстанымына қарағанда, жеке кәсіпкерлер қарапайым халықтан гөрі көп табыс табады. Тиісінше олардың тарифі де жоғары болу қажет. Алайда, ірі корпорацияны басқарып отырған кәсіпкер мен шағын сұлулық салонын ашып қойған кәсіпкердің табысын салыстыру мүмкін емес. Осыған орай, жергілікті кәсіпкерлер “Трансэнергомен” соттасып жатыр. Олар шағын кәсіп иелерін “өзге тұтынушылар” деп жіктемеуді талап етіп отыр. Басқаша айтқанда, олар өздерін заңды тұлға деп санамайды. Коммуналдық қызмет ақысын да жеке тұлға ретінде төлеуге ниетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті он бір пайызға көтереді
  • Жылудың қымбаттауы кәсіпкерлердің наразылығын туғызды
  • Жол торабына байланысты дау “СНПС-АқтөбеМұнайГаз” АҚ пайдасына шешілді
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • “Трансэнерго” тұтынушыларға артық төленген ақыны қайтарып берді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге