Жедел жәрдемге көмек көрсетілген күн

    Жедел жәрдемге көмек көрсетілген күн

    Мереке күндері қалың қар жауып, жедел жәрдем қызметінің жұмысын қиындатып жіберді. Дәрігерлер құтқарушылардың көмегіне сүйенген. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиева хабарлады.

    21 наурыз күні сағат 13:13-те “Бауырластар-1” ауылының маңында жедел жәрдем көлігі тұрып қалған. Осыған ұқсас жағдай облыс орталығындағы көшелерде де болды. Мысалы, 24 наурызда сағат таңғы 6:14-те Ливенцов көшесі бойындағы “Ковчег” мейрамханасының маңында науқас адамды алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі қардан шыға алмай қалды.
    -Қала жолдарының жайынан хабардар болғандықтан ТЖД мереке күндері жедел жәрдем қызметімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Ливенцов көшесінде қалған көлікті шығару үшін №2 өрт сөндіру бөлімшесінен 2 адам мен 1 автокөлік жөнелтілді,-дейді ТЖД бас маманы Динара Атыраубаева.

    Ал көше тазалығына жауапты мамандар қарды тазалап үлгере алмай жатқандарын айтады. -Біздер алдымен жолаушы көлігі жүретін жерді тазарттық. Содан соң басқа көшелерге ауыстық,-дейді “Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” басшысының орынбасары Жомарт Бақыткелді.

    Оның айтуынша, қазіргі таңда қалада су шаю қаупі төніп тұрған 4 аймақ бар. Ол: Мәскеу, Құрмыш, Сүт зауыты ауданы мен Шанхай. Осыған орай, бірінші кезекте осы аймақтар қардан тазартылып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі қалың қар жедел жәрдем жұмысын қиындатып жіберді
  • Ақтөбедегі көктайғақтан соңғы үш күнде 88 адам зардап шеккен
  • Дәнекерлеуші өндірісте қаза тапты
  • Ақтөбелік полиция ғимаратында өзін өзі өлтірді
  • үш адам өзін өзі өлтірмек болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге