Ақтөбеде ондаған үйді еріген қар суы басты

    Ақтөбеде ондаған үй топан судың астында қалды. 11 ықшамаудандағы Вагонная көшесінде еріген қар суы үйдің ішіне кіріп жатыр. Тұңғыш президент саябағы маңындағы жер асты өткелі де қызыл суға толып кеткен.

    11 ықшамаудандағы Вагонная көшесінде жаңбыр мен еріген қар суы үйлердің ауласын басты. Тіпті баспаналардың ішіне кіріп, тұрмыстық техникалар мен жиһаздарды бүлдіріп жатыр. “Топан судың астында қалдық” деген жұрт мұң-зарымызға ешкім құлақ аспай қойды деп налиды.

    - Суға кетіп жатқанымызға бірнеше күн болды. Біздің үйге жер асты суы жақын. Қатты екпінмен келген су үйдің еденін де сындырып жіберді. Төтенше жағдай департаментіне де, әкімдікке де хабарластық. Балаларымды қайда жіберем?- деп жыларман болғасын ғана кеше түнде келіп көліктерімен 4 сағат су сорды. Бүгін келеміз деген, әлі жоқ. Амалсыздан өз күшімізбен су сорып жатырмыз. Бала-шағамызбен туыстарымыздың үйінде жүрміз. Қонатын жерім де жоқ. 3 жастағы кішкентай балам жөтеліп жүр. Ауру бола ма деп қорқам. Қайда барып, не істерімді білмеймін,-дейді жыларман болған Ырзагүл Камашева.

    Батыс -2 ауданы мен Тұңғыш президент саябағы маңындағы жер асты өткелі де қызыл суға толы. Бұл жерлерден жаяу жүргіншілерге резеңке етіксіз өту мүмкін емес. “Керек. info” тілшісі су толы жер асты өткелінен өте алмай жүрген зейнеткер Жібек Абдулинаны кездестірді.

    - “Руханият” музейінде қосымша жұмыс істейтін едім.Зейнетте болсам да, аптасына екі рет барып қайтам. Бүгін автобустан түсіп, қарсы бетке өтпек болғанмын. Жер асты өткелі суға толы екен. Өте алмадым. Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы да жоқ. Рұқсатсыз өтсем, айыппұл салады. Енді амал жоқ, автобусқа отырып, “Сазды” аялдамасына барам. Сосын сол жерден кері қайтуыма тура келеді, -дейді амалы таусылған зейнеткер.
    Күннің күрт жылынғандықтан, су тасқынына қарсы штаб күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеуге мәжбүр. Өткен сенбіден бері мұнда тәулігіне 400-ден астам қоңырау түскен. Әсіресе, Мәскеу, Сүт зауыты, Құрмыш ауданы мен Актюбсельмаш бау-бақша ұжымынан шақыртулар көп.

    - Қазір қала бойынша 115 астенизатор су сорып жатыр. Тоқсан КаМАЗ инертті материал тасымалдап жүр. 1 наурыздан бері штабқа 1827 шақырту түсті. Күн күрт жылынғандықтан шақырту да көбейді. 26 наурыздан бері тәулігіне 400-ден астам қоңырау қабылдайтын болдық. Үлгермей де жатырмыз. Бірақ, тұрғындардың арыз-шағымын аяқсыз қалдырып жатқанымыз жоқ, -дейді Ақтөбе қаласы ТЖБ инженері Нұрхан Дияров.
    Қызыл судан қатер төнген Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб күндіз-түні екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін Ақтөбе көшелерінен 97 мың 434 текше метр су сорылып, 2 мың 382 тонна инертті материал жеткізілген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде еріген қар суы аулаларды басып қалды
  • Ақтөбе шенеуніктері су басу қаупі бар аймақтарды атады
  • Саяжайдағы үйлер суға кетіп жатыр
  • штабқа жалған қоңыраулар жиі түсіп жатыр
  • Штабқа 102 қоңырау түскен
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге