Ақтөбеліктер халықаралық байқауда жүлделі болды

    Ақтөбелік студент КСРО және ҚР Халық әртісі Еркеғали Раxмадиев атындағы xалықаралық байқауда жеңімпаз атанды. Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқушысы Гүлдана Алдадосова I дәрежелі диплом мен қаржылай сый иеленді.

    Қазақтың біртуар композиторына арналған тұңғыш байқау Астанада 25-30 наурыз аралығында өткізілді. Оған көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен елімізден жүзден астам өнерпаз қатысты. Жас таланттар вокалдық өнер және хорды дирижерлеу аталымдары бойынша бақ сынады.

    -Мен колледж оқушыларының арасында вокалдық өнер аталымы бойынша өнер көрсеттім. Екі турдан тұратын жарысқа 38 адам қатысты. Байқау шартына сәйкес, Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларын, халық әні мен ария орындадық. Өнерімізді Ресейден, Әзірбайжан мен Қытайдан келген әділқазылар бағалады. Олардың қатарында композитордың Қырғызстаннан келген қызы да болды, - дейді музыкалық колледждің 4-курс студенті.

    Ақтөбеліктер бұл байқаудан жалғыз жүлдемен оралған жоқ. Хор дирижері аталымында Ардақ Төлепберген екінші орынды иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бидің нұры - Нұрсұлу
  • Ақтөбелік оқушы республикалық ақындар айтысында бірінші орын иеленді
  • Ақтөбелік студент қыз 10 минуттың ішінде гір тасын 94 рет көтерді
  • Ақтөбелік жас боксшылар олжалы оралды
  • “Асыл әжелер” ансамблі Ресейден жүлдемен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге