Ақтөбеде 32 мың салымшы өтемақы алады

    Ақтөбеде 32 мың салымшы өтемақы алады

    Ақтөбе облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 32 мыңнан астам салымшысы өтемақы алады. Өтемақы алу үшін қосымша келісімдерді жүргізу 31 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Ақтөбе ақпарат” орталығы хабарлады.

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақтөбе облысы бойынша директорының орынбасары Дархан Ыбырайым 14 сәуір күні “Ақтөбе ақпарат” орталығында баспасөз конференциясын өткізді.
    Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалында 43 800 салымшы бар. Оның ішінде 1 миллион теңгеден астам салымы бар 32 мыңнан астам салымшыға өтемақы төленеді. Шамамен, 2,3миллиард теңге өтелетін болады.

    Дархан Ыбырайымның айтуынша, бағам айырмасы бюджет қаражаты есебінен төленеді. Тұрғындар өтемақы алу үшін, келісімдерді қабылдау 31 мамырға дейін созылады. Өтемақы төлеу шарттары банктің ресми www.hcsbk.kz сайтында жарияланған.

    Естеріңізге сала кетейік, ұлттық валюта бағам түзетілгеннен кейін, мемлекет басшысы үкіметке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының салымын сақтау үшін өз алдына бөлек механизм әзірлеуді тапсырған болатын. Өтемақы төлеу механизмін 2015 жылдың соңына дейін «Бәйтерек» басқарушы холдингі мен Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Инвестиция және даму жөніндегі министрлігі және Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесе отырып әзірлеген болатын. Банк өкілі хабарлағандай, өтемақы 2015 жылдың 18 тамызына дейінгі салымдарға төленеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Салымшыларға өтемақы беріле бастады
  • Салымшылар өтемақыдан бас тартып жатыр
  • “Валют Транзит Банк” салымшыларына өтемақы беріледі
  • Салымшыларға төлемақы беріледі
  • САЛЫМШЫЛАР ӨТЕМАҚЫ АЛАДЫ
  • Пікір

    ^ Үстіге