Қазақ-Түрік лицейінің оқушылары жүлдемен оралды

    13-16 сәуір аралығында Алматы қаласында халықаралық “InfoMatrix Asia & Pacific” компьютерлік жобалар сайысы өткізілді. Ақтөбенің атынан барған Қазақ-Түрік лицейінің бес оқушысы жүлдемен оралды.

    Аталмыш жарысқа 28 мемлекеттен 400-ден астам оқушы қатысқан. Бес түрлі сайыстан өткізілген конкурсқа ақтөбеліктер “қысқа метражды видеолар” және “Hardware control” нұсқалары бойынша сайысқа түскен.
    -Біз компьютерлік жоба қорғадық. Жобамызды “Ақылды есік” деп атадық. Адамдар үйдің кілтін көбіне ұмытып кетіп жатады. Сондай олқылықтың орнын толтыру үшін біз бұл жобаны ойлап таптық. Біздің сиқырлы есігіміз адамның “тоқылдатуынан” ашылады. Әр адам өзіне ыңғайлы етіп есікті тоқылдатса, есік өздігінен ашылады. Кілт алып жүрудің қажеті жоқ, - дейді сайыстың қола жүлдегері Махмуд Жұманиязов.

    Бұл жарысқа Қазақ-Түрік лицейінің атынан тоғыз оқушы аттанса, оның төртеуі қола жүлдемен, біреуі күміс жүлдемен оралған. Оқушылар бұдан кейін де компьютерлік жобалармен айналысатындарын айтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер жүлдемен оралды
  • Ақтөбеде қыздар лицейі ашылады
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік палуандар жүлдемен оралды
  • Пікір

    ^ Үстіге