Алға ауданындағы ІІБ бастығының орынбасары пара алғаны үшін сотталды

    42-жастағы Айбек Бақтыгереев әйел зорлығына қатысты істі жаппақ болған. Бұрынғы полиция қызметкері үш жылға бас бостандығынан айрылды.

    18-сәуір күні Мұғалжар ауданының соты Айбек Бақтыгереевке үкім шығарды. Бұған дейін кепілдікпен бостандықта жүрген Алға ауданындағы ІІБ бастығының орынбасары сот залынан қамауға алынды.

    42 жастағы бұрынғы полиция қызметкері 1 миллион теңгеге әйел зорлығына қатысты істі жаппақ болыпты. 2015 жылдың 10 шілдесінде Алға аудандық ІІБ жергілікті тұрғындардың бірі өзін зорлағаны туралы шағымданған. Күдікті ретінде Есет батыр ауылының үш тұрғыны ұсталып, қылмыстық іс қозғалады. Осыдан кейін қылмыскерлер Айбек Бақтыгереевтен көмек сұраған. Полиция қызметкері 1 миллион теңге берсе, шартты жазамен құтылатындықтарын айтады.

    Қажетті ақшаны жинау үшін айыпталушылар малын сатып, банктен несие алады. Алайда, 9 қараша күні үшеуі де 5 жылға бас бостандығынан айрылады. Сотталушылардың туыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған. Полиция қызметкері ақшаны беру кезінде қолға түсті.

    Сот Айбек Бақтыгереевтің мүлкін тәркілеп, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса жәбірленушілерге ақшаларын қайтарып, әрқайсысына 100 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тергеуші пара алғаны үшін айыпталуда
  • Адам тонаған полиция қызметкері жазаланды
  • Бұрынғы полиция қызметкері алаяқтығы үшін сотталды
  • Мектеп директоры 30 млн теңге айыппұл төлейді
  • Есірткі сатқан комсомолдық тұрғын сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге