“Ақтөбе-Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызынан кісі өліміне күдікті ер азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлайды.
24 сәуір күні Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері “Ақтөбе-Алматы ” бағытындағы жолаушылар пойызынан 1966 жылы туған азаматты ұстады. Хромтау ауданында денесінде пышақ іздері бар әйелдің мүрдесі шұңқырдан табылған. Полицейлер оны сол әйелдің өліміне күдікті ретінде қолға түсірген. Аталған факті бойынша 09.03.2016 жылы ҚР ҚК 99 бабы(Адам өлімі ) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген. Күдікті Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.