Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды

    Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды

    Ақтөбелік оқушылар Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен республикалық олимпиададан жүлдемен оралды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне М.Құсайынов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп интернатының мұғалімі Балия Джулаева хабарлады.

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада Шығыс Қазақстан облысында 27-30 сәуір аралығында өткен. Білім додасы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаеваны еске алуға арналған.
    М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп интернатының мұғалімі Балия Джулаеваның айтуынша, онда республикадан 150 оқушы бақ сынаған.

    Ақтөбе облысының намысын қорғаған М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысы Меңдібаева Гүлжанар мен №32 мектеп-гимназияның оқушысы Нариман Аружан І орын алса, Шалқар ауданы І.Үргенішбаев атындағы мектептің 11-класс оқушысы Қартбаева Ұлболсын ІІІ орын және еліміздегі жоғары оқу орындарына грант жеңіп алды, Алға ауданыҮшқұдық орта мектебінің оқушысы Карманова Лаура сертификат иеленді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Алаш” театры бас жүлдемен оралды
  • Қазақ-Түрік лицейінің оқушылары жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік оқушы республикалық ақындар айтысында бірінші орын иеленді
  • Ақтөбелік оқушылар республикалық өнер байқауынан оралды
  • Ақтөбелік дзюдошылар жүлдемен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге