Бөбекжай-бақша 2 жастағы балаларды қабылдайды

 Балабақша бүлдіршіндерді 3 жастан бастап қабылдаса, бөбекжай-бақшаға 2 жастан бастап орналастыруға болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Облыста 3 жас пен 6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылған. 2018 жылдан бастап бүлдіршіндерді балабақша кезегіне қою және жолдама беру бірыңғай электрондық кезек арқылы жүзеге асып келеді. Автоматтандырылған жүйе ашық, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауды көздейді.

 Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, өңірде бөбекжай-бақша санын көбейту жоспарланып отыр. Өйткені, 2 жас пен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 93 пайызды құрап отыр. Аудандарда мәселе жоқ, 7 пайызы қалаға қатысты. Ақтөбе облысында 581 балабақша бар. Оның 231-і бөбекжай-бақша. Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 7792 бала тұр.


Әлеумет
12:00, 12 май 2023
1 267
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив