Әскери кинофильмдер сахналанды

    Әскери кинофильмдер сахналанды
    21 сәуір күні Ақтөбеде “Ардагерлерге – мың алғыс” атты қалалық байқау өтті. Оның шарты бойынша қатысушылар әскери кинофильмдердің үзінділерін сахналады.

    Байқауға Ақтөбедегі арнаулы орта оқу орындарынан жеті топ қатысты. Сайысқа ерекше дайындалып келгендердің бірі - Ақтөбе гуманитарлық колледжінің “Мерген” тобы. Бұл топ байқауда Әлия Молдағұлова жайлы фильмнен үзінді көрсетті. Әлияның рөлін студент Асылжан Жоныс сомдады.

    Асылжан ЖОНЫС, колледж оқушысы:
    - Колледждегі тәрбие ісінің орынбасары Әлияның рөлін маған тапсырған кезде қатты қуандым. Бірнеше күн толқып та жүрдім. Ұлы адамның рөлін сахналау оңай емес. Барымша дайындалдым. Сәтті шығады деген үміттемін.

    Байқау барысында бұдан өзге Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова туралы фильмдердің үзінділері сахналанды. Және басқа да соғыс тақырыбындағы фильм-дерден үзінді көрсетілді. Байқау соңында барлық қатысушылар қала әкімінің атынан дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары 9 мамыр күнгі мерекелік шарада өнер көрсетеді.
    “Жас дарын – 2015” аясында өткізіліп отырған шараны Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық мәдениет үйі бірлесе ұйымдастырған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әлияның сіңлісі Монаковаға баруға қаржы таппай отыр
  • Әлия музейіндегі ең құнды экспонат Ақтөбеге қалай жетті?
  • “Айналайын - 2015” фестивалі өтті
  • “Үздік педагог отбасы” анықталды
  • Әлия Әшім – “Қазақ Аруы-2015“ байқауының жеңімпазы
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге