Жер Кодексіндегі өзгерістерге байланысты шұғыл желі жұмыс істейді

    Ақтөбе облысында ҚР Жер Кодексі нормаларын түсіндіру бойынша Call-орталық жұмыс істей бастады. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне “Ақтөбе ақпарат” орталығынан хабарлады.

    Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен шұғыл желі осы аптада өз жұмысын бастады. Call-орталықтың негізгі мақсаты – тұрғындарға жер заңнамалары ережелерін түсіндіріп, жедел ақпарат беру.
    Облыс тұрғындары 544-464 телефондарына қоңырау шалып, көкейінде жүрген сауалдарға жауап ала алады.

    Ақтөбе облыстық жер қатынастар басқармасының жетекшісі Қабай Сәрсенғалиевтің айтуынша, шұғыл желі жеті күн бойы жұмыс істейді. Таңертеңгі сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет етеді. Жер Кодексіне енгізілген өзгертулер тұрғындар тарапынан қызығушылық тудырып отыр.

    Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгертулерге мораторий жариялау жөнінде шешім қабылдағаны белгілі. Аталған өзгерістерді халыққа кеңінен, жан-жақты түсіндіру үшін шұғыл желінің қажеттілігі туындаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жергілікті шаруалар Елбасы шешімін қолдайтынын жеткізді
  • Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі өзгертулерге мораторий жариялады
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • “Ақтөбе ақпарат” орталығы ашылды
  • Cаll-орталық жұмыс істей бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге