Биыл түлектер жаңа ғимаратта ҰБТ тапсырады

    Ақтөбеде жаңа тестілеу орталығы ашылды. 600-ден астам оқушыға лайықталған орталық 21-29 мамыр күндері өтетін байқау тестілеуін өткізуді жоспарлап отыр.

    Жаңа тестілеу орталығы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті жанынан ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатына облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты.

    Аудитория саны бесеу. Аудиториялар бақылау камерасымен жабдықталған. Сәйкесінше әр аудиторияда 4-5 бақылау камерасы жұмыс жасайды. Бұл камералар аудиторияны толықтай бейнабақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
    -Жаңа тестілеу орталығы кең. Біздің басты мақсатымыз – тест тапсырушы түлектердің артық стрессіз, қысылмай, өзін емін-еркін сезінуі. Сондықтан осында тұрған барлық мектеп директорларына айтарым, оқушыларды психологиялық тұрғыда жақсылап дайындаңыздар,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орталықтың ашылу салтанатында.
    605 оқушыға лайықталған орталық үш қабаттан тұрады. Бірінші және екінші қабаттар толық аудиторияларға тиесілі болса, үшінші қабат әзірге бос. Қажет жағдайда бұл орынды да тестілеу жұмыстарына пайдалануға болады.

    Ғимараттың кіреберісі мен екінші қабатқа көтерілетін тұстарда темір тінтігіш аркалар орнатылған. Мұндай құрылғының саны үшеу. Сондай-ақ қосымша үш темір тінтігіш тексерушілердің қолында болады.
    Облыс әкімінің айтуынша бұл орталықта тек оқушылар ғана емес, алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлер де тестілеуден өтуі жоспарлануда.
    Жаңа тестілеу орталығы 21-29 мамыр күндері өтетін байқау тестілеуін өткізуді жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жаңа ғимараты ашылды
  • Мүгедектердің массаж орталығы ашылды
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
  • Ақтөбеде жаңа ойын-сауда орталығы ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге