Ақтөбеде Теміржол вокзалы ішінен күдікті қара пакет табылған. “Жарылғыш зат” болуы мүмкін деген күдікпен 230 адам эвакуацияланған. Тексеру барысында, күдікті пакеттің ішінде әйел адамның аяқ киімі бар екендігі анықталған. Бұл туралы Ақтөбе станциясындағы ІІЖБ баспасөз қызметі хабарлады.
25 мамыр күні Ақтөбе станциясындағы ІІЖБ кезекші бөліміне, темір жолвокзалы ішіндегі 1 қабатта асхананың қасында күдікті қара пакет жатқандығы жайлы хабар келіп түседі.
“Жарылғыш зат” болуы мүмкін деген күдікпен түскі сағат 14:40-та, 230 адам эвакуацияланған. Оның ішінде жолаушылар мен вокзал қызметкерлері болған. Мүдделі орган қызметкерлері тексеру барысында қара пакеттің ішінде әйел адамның күзгі аяқ киімі болғаны анықталған. Аяқ киім иесі табылмаған.