Облыс басшысы бастаған мемлекеттік қызметкерлер 200 литр қан тапсырды

    Облыс басышысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облысының әкімшілігі “Донор атан да, өмірге үміт сыйла!” шарасына қатысты.

    1 маусым күні облыс әкімімен бірге 400-ден астам мемлекет қызметкерлері “Облыстық қан орталығының” қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы сауалнама толтырып тіркелді, медициналық тексерістен өтіп, қан тапсырды.
    - Шынымды айтсам, мұндай бастаманы бұрын-соңды көрмеппін. Совет заманында денсаулық басқармасын қадағалаған немесе оның орынбасарынан қан тапсыру мәселесін шешіп беруді сұрайтын едік. Ал қазір қан тапсыруға әкімшілік өзі ниет білдіріп отыр,-деді “Облыстық қан орталығының” карантинизация мен қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Әуезхан Мағзұмов.

    Оның айтуынша, шенеуніктер тапсырған қандар жалғыз балаларға емес, ересектерге құйылуы мүмкін. Өйткені, қазіргі таңда жүрек, бүйрек ауыстыру сияқты жаңа технологиялық оталары жасалады. Мұндай оталар қанның құйылуын қажет етеді.

    Әкімнің бастамасын Ақтөбе қаласы мен 12 ауданның мемлекеттік қызметкерлері жалғастырады, жалпы 2 мыңнан аса адам қан тапсырады деп жоспарлануда.
    Қазіргі таңда облыс бойынша 52 бала өткір лейкозбен ауырады. Қан ауруының салдары өте ауыр: көп қан ағып кеткеннен ішкі мүшелердің жұмысы бұзылады, әсіресе миға кері ықпал етеді. Қан құрамындағы жетіспейтін компоненттерді толтыру ауруды емдеудің бір құрамдас бөлігі болып табылды. Сондықтан қан қоры кез келген сәтте қажет болып қалуы мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл түлектер жаңа ғимаратта ҰБТ тапсырады
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Ішкі саясатқа жаңа басшы келді
  • Тұрақты донорлар марапатталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге