Ақтөбеде 19 жастағы бойжеткен жоғарғы қабаттан құлап қаза тапты

 Ақтөбеде жетінші қабаттан құлап, қайтыс болған қыздың өліміне қатысты екі бірдей баппен іс қозғалды. Күдікті қамауға алынған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға 8 маусым күні болған. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің алдынан қыздың мәйіті табылған. Полиция ҚР ҚК-нің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және ҚР ҚК-нің 120-бабы (зорлау) бойынша қылмыстық істерді тіркеді.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің дерегінше, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. “Қылмыстық істі тергеу барысында өзге де ақпарат жария етуге жатпайды ”,-делінген хабарламада.


Құқық
09:30, 14 июнь 2023
1 137
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив