Қазақстан Қытай құрамасын жеңді

    Қазақстан Қытай құрамасын жеңді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай құрамасын тізе бүктірді. Талғат Байсуфинов бастаған жігіттер қытайлықтардың қақпасына бір гол соғып, жеңіс тойлады.

    Қытай жерінде, Далянь қаласында өткен жолдастық кездесу тартысты өтті. Бұл кездесуге 40 мыңнан астам билет сатылды. Қазақстан құрамасы да қолдаусыз қалған жоқ. Қытай жерінде оқитын студенттермен қоса арнайы Қазақстаннан барған жанкүйерлер Ұлттық құрамамызды 90 минут бойы қолдай білді. Қытайға ат терлете барған жанкүйерлердің арасында Ақтөбе ФК жанкүйерлері де болды.

    Алғашқы таймда командалар бірін-бірі тексергендей болды. Жанкүйерлер гол көре алмады. Алайда, бірінші таймның аяғында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев ауыр жарақат алды. Қытай құрамасының №10 нөмірлі ойыншысы Жэнь Хан әуедегі талас барысында Ұланды итеріп жіберді. Тепе-теңдігін жоғалтып, оң аяғымен жерге түскен Ұланның аяқ сүйегі сынды.
    Жасыл алаңнан тікелей ауруханаға жеткізілген Ұлан Қонысбаевтың аяғына ота жасалды. Ол бір апта бойы Қытайда жатып, ем алатын болады. Қазақстандық дәрігерлердің пайымдауынша мұндай жарақаттан 2-3 айсыз айығу мүмкін емес.

    Бұл қақтығысқа қатысы бар Қытай спортшысы Жэнь Хан ойыннан соң кешірім сұрады:
    Мен кешірім өтінемін. Мен
    допты тартып алғым келді, бірақ бұлай жаман боларын сезгенде жоқпын. Мен Қонысбаевтан кешірім сұраймын. Бұлай болғанына қатты өкінемін. Қарсыластарымнан да кешірім сұраймын. Ойыннан кейін де олардан барып кешірім сұрадым. Біз кәсіби футболшылармыз, қарсыласымызды арнайы барып жарақаттаудан аулақпыз. Бірақ өкінішке орай футболда жарақаттар болып тұрады. Мен оның тезірек жазылуын тілеймін және мені кешіреді деп үміттенемін.
    Ойынның екінші кезеңінде команда жаңа қарқынмен өнер көрсетті. Екі команда да алма-кезек шабуылдап, нәтижесінде 68 минутта Азат Нұрғалиев Ақтөбенің экс-қорғаушысы Юрий Логвиненко берген пасты голға айналдыра білді. Бұл ойындағы жалғыз гол болатын.
    Естеріңізге сала кетейік, Қытай құрамасы ФИФА рейтингісінде 82 орында. Ал, Қазақстан құрамасы болса 112 орында.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстан Аргентинаны 7-0 есебімен жеңді
  • Қазақстан құрамасы қыркүйекте Колумбияға аттанады
  • Қазақстан жастары қырғыздарды екі рет жеңді
  • Қазақстан бесінші сатыда
  • Ұлттық құрама Ақтөбеде кездесу өткізеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге