Калий зауыты әзір салынбайды

    Калий зауыты әзір салынбайды

    Ақтөбеде салынатын калий зауытына қатысты әзірге бірде-бір құжат жоқ. Халықаралық сарапшылардың қорытындысы тек 2017 жылдың ортасында дайын болады. Бұл жөнінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғани Есқалиев айтты.

    7 маусым күні Қарғалыда халық арасында үлкен дау туғызған калий зауытының жайы талқыланды. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар бұған дейін облыс әкімінің атына ашық хат жолдаған. Бұл жолы да олар құрылысқа наразылықтарын білдірді.
    - Өзім экологиялық апат аймағынан келгенмін. Ақтөбеге келіп таза ауамен тыныстаймыз дегенде, калий комбинаты салынады деген сөз шықты.Зауыт салынбасын. Ашықхатқа қол қоюшы, жинаушы ретінде көпшілікпен сөйлесіп жүрмін. Халықтың тілегі осы. Ақтөбенің халқы уланған су ішіп отыр. Көкжиде таусылуға келді. Құндақтыр уланды. Бұған экологияның әсері бар.Яғни, қазу жұмыстарының ақыры осындай жағдайға әкеп соғып отыр. Мұны экологтар мен ғалымдар қайта-қайта айтып жатыр. Технология бар дейді. Соны қарапайым халыққа ашып түсірсеңіздер екен?!,–деді Қарғалы ауданының тұрғыны Оңдасын Үсенов.
    Облыс әкімінің орынбасары жиналғандарды сабырға шақырды. Оның айтуынша, халықаралық сарапшылар қазір калий зауытына қатысты зерттеу жүргізуде.

    -Облыс әкімі “Батыс Калий” компаниясының өкілдерімен кездесіп, жобаға халықтың алаңдап отырғанын айтты. Барлық құжаттың қазақстандық экологиялық заңға сәйкес болуы керектігін ескертті. Қазір халықаралық сарапшылар жоба орнында сынама алып, зерттеу жүргізуде. Кен көлемін, қорын, нарықтағы бағасын анықтайды. Содан кейін қоғамдық тыңдау өткізіледі. Ол формальді өтпейді. Заңға қайшы болса, инвестор өз қаражатын Ақтөбеде қалдырады. Миллиондаған АҚШ долларын салып отырған компания мұндай тәуекелге бармайды,-деді Ғани Есқалиев.
    Канада мен Англиядан келген мамандардың қорытындысы тек 2017 жылдың ортасында дайын болмақ. Облыс әкімінің орынбасары оған дейін ешқандай құрылыс жұмыстарының жүргізілмейтіндігін айтып сендірді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 21 мамырда митинг болған жоқ
  • Ақтөбелік ғалым Арыстан Мамырбаев калий өндірісіне тәуелсіз сараптама жүргізуді сұрайды
  • Халық калий өндірісіне қатысты Бердібек Сапарбаевтан араша сұрайды
  • “Арман-Құрылыстың” екі жүзден астам жұмысшысы қысқарып қалды
  • Ақтөбеде цемент зауыты салынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге