Бүгін “Жас түлек – 2016” салтанаты өтеді

    Ақтөбеде бүгін мектеп бітіруші түлектердің кеші өтеді. Салтанатты шара Тұңғыш Президент атындағы саябақта ұйымдастырылмақ.

    Биыл Ақтөбе облысы бойынша 6395 оқушы мектеп бітірді. 2015-16 жылдың қорытындысы бойынша, 157 оқушы “Алтын белгі” қорғап шығып, 244 оқушы үздік аттестат иесі атанды. Аталған оқушыларға “Жас түлек – 2016” салтанатты жиынында арнайы сыйлықтар табысталмақ.

    Бұл жиынның басты қонағы – облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болады. Сондай-ақ басқарма басшылары мен ұстаздар, ардагер педагогтар да қатысады деп күтілуде. Салтанатты жиынға қатысатын түлектер саны 3000-ға жуық. Қалыптасқан үрдіске сай, түлектер ән шырқап, қоштасу вальсін де билейді.

    Естеріңізге сала кетейік, биылғы түлектердің 71,9 % пайызы ҰБТ тапсырып, орта көрсеткіш 82,8 балды құраған болатын. Ең жоғары балды Мұғалжар ауданының тұрғыны Қалыбек Құлшар жинады. Ол 125 сұрақтың тек біреуінен қателесіп, 124 ұпай алды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кей түлектер мектеп бітіру кешіне 200-300 мың теңге жұмсаған
  • Ақ жол саған, жас түлек!
  • Қазақстанда ҰБТ-2015 аяқталды: Оқушылардың үлгерімі өсті
  • Білім басқармасы: Үш түлек 124 ұпай жинады
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге