Ақтөбеде ауыз су құны қымбаттады

1 шілдеден бастап тұрғындар өздері тұтынған бір текше метр су үшін 93 теңге төлейтін болды. Бұған дейін бұл баға 81 теңге болатын. Бұл туралы “Aqtobe su-energy group” АҚ бас директорының қызмет өткізу жөніндегі орынбасары Еркінғали Көпенов мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Ақтөбеде ауыз су құны өсті. Еркінғали Көпенов су тарифінің қымбаттауына жалақының аздығы себеп болып отқанын айтты. Тарифті көтеру арқылы жұмысшылардың жалақысын 15-20 пайызға арттыруды көздеп отыр. Бұрынғы тариф бойынша түрғындар 1 текше метріне 81 теңге 35 тиын төлеп елсе, енді 93 теңге 55 тиын төлейді. Ал әлеуметтік нысандар үшін 516 теңгеден 742 теңгеге, жеке кәсіптік нысандар үшін бір текше метріне 314 теңгеден 376 теңгеге шарықтады.

- Бізде 140 бақылаушы жұмыс істейді. Әрқайсысы на 1200 пәтер тиесілі. Оны аралау оңай жұмыс емес. Қазіргі айлықтары 120-150 мың теңге аралығында.Көп адам жұмыстың ауырлығы мен айлықтың аздығына шыдамайды. Сондықтан, жұмысшылардың жалақысын 15-20 пайызға көтергіміз келеді,-дейді бас директордың орынбасары.

Сонымен қатар, су сору мен жылу бағасы да көтерілді. “Aqtobe su-energy group” АҚ мамандарының айтуынша, жеке тұлғалар үшін тариф 2020 жылдан бері өспеген.


Әлеумет
12:30, 03 июль 2023
1 473
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив