Облыста 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

    2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында Ақтөбе облысында 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан жиын барысында айтылды деп хабарлайды “Ақтөбе ақпарат” орталығы.

    Облыстық әкімдікте өткен кеңесте 2016 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары талқыланды.

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Рузия Айдашеваның хабарлауынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша аймақта өнеркәсіптік өндіріс тартылған инвестиция көлемі, шағын және орта бизнес субъектілері саны азайып келеді. Байғанин, Мұғалжар, Шалқар және Хромтау аудандарындағы құрылыс жұмыстары көлемінің айтарлықтай артуы да маңызды рөл атқарады. Айта кетейік, осы жылдың 6 айында аймақта 193,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2015 жылдың 6 айымен салыстырғанда 6,5 %-ға артық.

    Ауыл шаруашылығында да өндіріс артқан.
    - Болжамды деңгейге қол жеткізе алмау тәуекелі бар орындарда күнделікті жұмыстар жүргізу керек. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді төмендетіп алмау үшін құзырлы мемлекеттік органдар өткен жылдың сәйкес мерзімінің деңгейінен төмендетіп алмау керек, - деп тапсырма берді Бердібек Сапарбаев.

    Өңір басшысы инфляция деңгейі мен азық-түлік тауарларының бағасын, сондай-ақ жұмыссыздық көрсеткішін төмендетпеуді тапсырды.

    Отырыс соңында аймақ басшысы өңір экономикасын қолдау және дамыту шараларын күшейтуді ескертті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп, жұмыссыздық саны артуда
  • Биыл Ақтөбеде 580 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі
  • Ақтөбеде алты әлеуметтік дүкен ашылады
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті

  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге