Ақтөбеде алиментке арыз берген әйелін соққыға жыққан тұрғын сотталды

Жалақысының жартысын алиментке ұсталғанына ашуланған ақтөбелік әйелін соққыға жыққан. Бұл туралы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

 Хромтау ауданының тұрғыны алимент өндіру үшін сотқа арыз берген. Осылайша бұрынғы күйеуінің жалақысының жартысы алимент үшін ұсталған. Соны көрген күйеуі ашуға булығып, әйелін соққыға жыққан. Дене жарақатын алған жәбірленуші күйеуін сотқа берген. Бірақ ол кейін ойын өзгертіп, бұрынғы жолдасын кешіретінін айтқан. Материалдық, моральдық залалдың толық өтелгенін, медиациялық келісімге келгенін жеткізген.

ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелі алимент өндіруден бас тартқанын алға тартып, соттан бұрынғы күйеуінің бас бостандығын айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Алайда, сот оны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Енді ол жазасын Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде өтейтін болды.


Құқық
10:30, 05 июль 2023
1 583
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив