Батыс-2 ауданында спорт кешені ашылды

    Батыс-2 ауданында спорт кешені ашылды

    Ақтөбеде Батыс-2 ауданында спорт кешені ашылды. 2800 шаршы метр болатын орталықта 35-50 адам жұмыспен қамтылады.

    “Hammer”спорт кешенінің ашылу салтанаты 23 маусым күні өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Асхат Шериязданов қатысты. Орталықтың құрылысы 2015 жылы басталған. Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған. Спорт кешенінің құрылтайшысы жеке кәсіпкер- Зәмзәгүл Баймағамбетова.
    Зәмзәгүл Баймағамбетованың айтуынша, спорт кешенінің аумағы 2800 шаршы метр. Сметалық бағасы- 480 миллион теңге. Спорт орталығының ашылуымен қатар 35-50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

    Мұнда салауатты өмір салтын ұстанушыларға барлық жағдай жасалған. Кешеннің ашылу салтанатына келгендер екі қабаттан тұратын ғимаратты аралап көрді. СК бірінші қабатында “фито-бар”, екі бассейн, “спа-салон”, “хамам-моншасы”, фитнес-йога, таэквондо және басқа да жаттығу залдары орналасқан.
    Екінші қабатта спорттың ойындық түрлері (футбол, волейбол, теннис) залы бар.
    Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ескендір Махановтың сөзінше, спорт кешені ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылып отыр. Мұндағы спорт түрлеріне 6 -18 жас аралығындағы балалар тегін қатыса алады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Бір футболшының жалақысына спорт кешенін салуға болатын еді”
  • Ақтөбе жастары: Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
  • Спорт клубтарында ақысыз жаттығуға болады
  • Қарғалыда спорт мектебі ашылды
  • Ақтөбеде жаңа ойын-сауда орталығы ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге