Ақтөбеде газбен жүретін автобус паркі ашылмақ

    Ақтөбеде сұйытылған газбен жүретін коммуналдық автопарк құрылады. Бұл үшін жергілікті билік Еуропа қайта құру және даму банкінен 4,3 млрд. теңге несие алады деп хабарлады “Ақтөбе ақпарат” орталығы.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шетелдік банк басшысы Джанет Хэкманмен кездесті.
    -Біз сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін автопарк құру жөнінде жаңа бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр-мыз. Жоба құны 4,3 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржы коммуналдық автобус паркінің инфрақұрылымын дамытуға, заманауи 100 автобус сатып алуға, газ бекетінің құрылысына жұмсалады. Сондай-ақ автобус депосы мен электрондық билет жүйесі де енгізілмек,-дейді облыс әкімі.

    Бүгінгі күні қалада 430-дан астам автобус 50 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасы мен көліктегі жол апаттарына автобустардың жарамсыздығы мен техникалық жағдайының нашарлығы себеп болып отыр. Билік заманауи автобустар сатып алынса, автобустардың жүру жиілігі артып, ауаның ластануы азаяды деген сенімде. Бұған қоса жолаушылар тасымалдаудың жайлылығы артпақ.

    Сондай-ақ шетелдік банк суармалы жер көлемін 9 мың гектарға көбейтуге де көмектеспек. Бұл үшін облысқа 5,8 млрд теңге қажет.
    Айта кетелік, Ақтөбе облысында Еуропа қайта құру және даму банкінің кеңсесі бар. Онда тек Ақтөбе облысының ғана емес, Батыс Қазақстан аймағының кәсіпкерлеріне кеңес беріледі. Бүгінгі күні аймақта 32 кеңесші бар. Олардың көмегімен облыста 105 жоба жүзеге асып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Коммуналдық қызмет құны 30 пайызға қымбаттайды
  • Ақтөбедегі мемлекеттік мекемелердің көліктері газбен жүретін болады
  • Жылу желілерін жаңартуға 3 млрд теңге жұмсалады
  • Ақтөбенің жылу желілерін жаңартуға 3 млрд теңге жұмсалады
  • Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге