Ақтөбеге Есік қорғанынан табылған “Алтын адам”’экспонаты әкелінді. Құнды жәдігер “Ұлттық музей сенің қалаңда” мәдени туры аясында облыстық өнер музейіне қойылды.
Бұл жобаны Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырып отыр. “Алтын адам” бұған дейін Оралда болған. Ал 1 шілде күні Ақтөбеде жалғасын тапты. Қала тұрғындары құнды жәдігерді облыстық өнер музейінде үш күн бойы тегін тамашалай алады. Тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған “Алтын адам” экспонаты барлық облыстар мен қалаларды аралайды деп жоспарлануда.