Әкім тапсырмасын орындамаған басшылар сынға ұшырады

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығын дамыта алмай жүрген шенеуніктерге сын айтты. Ауыл шаруашылық басқармасы екі айдан бері әкімнің берген тапсырмасын орындамаған.

    Балық, қоян, ешкі мен бал ара шаруашылығын дамыту бағдарламасы екі айдың ішінде, яғни 20 маусым күні бекітілу керек еді. Алайда табиғи ресурстарды басқару мен реттеу және ауыл шаруашылық басқармалары бұл тапсырманы толық орындамаған. Осыған орай, 30 маусым күні облыстық әкімшілікте сол басқармалардың басшылары Бердібек Сапарбаевтың “қаһарына ұшырады”.

    - Неге бағдарлама бекітіл-меген?! Бұл бағдар-ламаны бір аптаның ішінде бекіту керек еді. Сол кезде ғана шаруашылық дамиды. Осы уақытқа дейін балық шаруашылығы неге дамымады? Өйткені ол шаруашылық ешкімге керек емес. Егер керек болса, онда жүйелі жұмыстан бұл көрінетін еді. Бұл жұмысты көріп тұрғаным жоқ! Осы саланы дамыту үшін мемлекеттен 4 миллиардтан астам ақша бөлініп отыр. Соның ішінде балық та, ешкі де, құс та, бал да бар. Сол 4 миллиард 300 миллион теңгенің тек 2 миллиарды ғана игерілді,-деді Бердібек Сапарбаев.

    Басқарма басшылары атқарылған жұмыстар жайында баяндау барысында комиссияның құрылғандығы туралы айтты.

    - Сонда комиссия құру үшін 2 ай уақыт керек. Жұмысшы тобын құруға тағы 2 ай кетеді. Бағдарламаны жасауға жарты жыл керек. Интситут ұсыныс беру үшін жарты жыл күту керек. Сөйтіп жүргенде 2 жыл өтеді ғой! Қайдағы бір қағаздың жұмыстарымен айлап жүресіздер! Нақты жұмысты қай уақытта істейсіздер?!-деп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табиғи ресурсты басқару мен табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Нұржан Аққұлға сұрақтарды жаудырды.

    Бұдан басқа, әкім биылғы жылдың балық аулау көлеміне де наразылық танытты. Өйткені былтырғы жылмен салыстырғанда осы жылы жаңбыр мол жауып, су қоры көбейген. Осыны ойламай жүрген ауыл шаруашылық басқарма басшыларын да Бердібек Сапарбаев жерге қаратты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев екі шенеунікке сөгіс жариялады
  • Облыс әкімі жүктеген тапсырманы орындамағандар тәртіптік жазаға тартылады
  • Скандинавия елдері Ақтөбе облысына инвестиция құймақ
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге