Ақтөбелік әйел үш баласын тастап, бір апта үйіне келмеген

 Ақтөбелік әйел үш баласын 81 жастағы мүгедек әжесіне тастап кетіп, өзі бір апта үйіне оралмаған. Қазір жауапсыз ананың балалары “Үміт” сәбилер үйі мен “Аяла” балаларды оңалту орталығына орналастырылды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, анасы кәмелетке толмаған үш баласын әжесіне тастап, серуендеуге шыққан. Өзімен бірге 5 жастағы баласын алып кетеді. Сол кеткеннен үйіне бір апта оралмаған. Әжесі ауырып қалғаннан кейін танысына балаларын қарай тұруын өтінген. Ананың жауапсыздығына ашуланған танысы полицияға қоңырау шалады. Ювеналдық полиция инспекторлары кәмелетке толмаған балалардың анасын бірден таба алмағандарын айтады. Ол жүрген жері туралы әртүрлі ақпарат беріп, үйіне келуге асықпаған. Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп сақшылары балаларды “Үміт” сәбилер үйі мен “Аяла” балалаларды оңалту орталығына орналастыру туралы шешім қабылдаған.


Әлеумет
11:30, 24 июль 2023
1 352
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив