Ақтөбеде найзағай түскен әйелдің 3 баласы бар

    Ақтөбелік дәрігерлер найзағай түскен 31 жастағы байғаниндік әйелдің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Науқас 7 тәуліктен бері ес-түссіз жатыр.

    - Науқастың барлық ішкі ағзалары, миы мен жүрегі зақымданған. Ауруханада жатқанына 7 күн болды. Бізге ұшақпен жеткізді. Жағдайы өте ауыр. Науқас үшін жағымсыз болжам жасалып отыр. Найзағай тура түспеген болу керек. Әдетте, ондай жағдайда адам сол бойда қайтыс болады,-дейді.
    Әйел қазір арнайы құрылғының көмегімен тыныс алып жатыр. Оқиға 3 шілде күні болған. Сол күні Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде жел тұрып, қатты нөсер жауған. 31 жастағы келіншек жайылып жүрген бұзауын іздеп, аула сыртына шыққан. Сол кезде оны найзағай соққан. Бағананың қасында ес-түссіз құлап жатқан әйелді көршісі байқап, дәрігерлерге хабар беріпті.
    - Көршісі алғашында жерде жатқан мал екен деп ойлапты. Тек жақындап қарағаннан кейін ғана оның өз көршісі екенін таныған. Науқастың қолында ұялы телефоны болған, түгі қалмай сынып қалыпты. Аяғында резеңке сүйретпесі болған. Ауруханаға жеткізілген кезде “кеуде тұсын термикалық күйік шалған, травматикалық шок алған” деген диагноз қойдық Шаштары мен киімдері күйген. Найзағай алдымен жақын маңда тұрған бағанаға түсіп, кейін әйелге түскен. Тіке түскенде бірден өліп кетуі мүмкін еді. Жағдайы өте ауыр болды. Шұғыл түрде Ақтөбедегі дәрігерлермен телемедицина арқылы байланысқа шықтық. Келесі күні түс қайта санавиация арқылы Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына жөнелттік, -дейді Байғанин аудандық ауруханасының реанимотологы Серік Әділханов.
    Дәрігердің айтуынша, науқастың 3 баласы бар. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін күйеуі оқиға болған кезде үйінде болмаған. Айта кетелік, биыл мамыр айында Ақтөбе облысында дәл осындай оқиға болған еді. Ол жолы Шалқар ауданында 24 жастағы мектеп мұғалімі найзағай түсіп, көз жұмған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында бір адам найзағайдан мерт болды
  • Ақтөбедегі Өзбекстан азаматы профлистпен ішін кесіп алды
  • Ақтөбеде пойыз сүйреп кеткен әйел ажалдан аман қалды
  • Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге