Ақтөбедегі “Экспресс” автовокзалының маңында жыныс мүшесіне есірткі жасырып өткен әйел ұсталды. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиға 13 шілде күні болған. 35 жастағы әйел Қостанайдан автобуспен келе жатқан болып шықты. Тексеру барысында оның жатыр қынабына салып, есірткі тасымалдағаны анықталды. Ұсталған әйелдің жыныс мүшесінен есірткіні алуға дәрігерлер көмектескен. Сараптама табылған заттың 110 грамм героин екендігін анықтады. Әйелдің сөзінше, есірткіні ол өзі тұтыну үшін тасымалдаған.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 297 бабының 1 бөлігі бойынша іс қозғалды.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 13 келіден астам есірткі тәркіленген.