Ақтөбеде банк терминалын тонағандар сотталды

    Ақтөбеде үш ай бойы “Каспий банкінің” терминалын тонаған ұрылар сотталды. Олар тек жазаларын өтеп қана қоймай, банкке 18 миллион теңгеге жуық қаржыны қайтаруы тиіс.

    Бүгін Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты банк терминалын тонағандарға қатысты үкім шығарды. Оқиға былтыр қазан айында болған. Қылмыстық топ Бөкенбай батыр көшесінде орналасқан “Сары Арқа” дүкеніндегі “Каспий банк” терминалынан ақша ұрлаған. Дүкен есігін бұзып кірген 6 жігіт 800 мың теңгені қолды қылған. Тергеу барысында олардың осындай 29 қылмысқа қатысы барлығы анықталды. Сотталушылар 19 бен 23 жас аралығында.
    - “Каспий” банкке келген жалпы шығын мөлшері 18 миллион теңгеден асады. Олар арнайы шегесуырғыштың көмегімен дүкен есігін бұзып ашқан. Бұл үшін бір алдын –ала барлау жүргізіп, қылмысты түнгі сағат 2-3 тер шамасында жасаған. Ең кішісі 19 жаста, колледжде оқиды. Еш жерде жұмыс істемейді, тек біреуі букмекерлік кеңседе күзешті болып жұмыс істеген. Сот отырысы кезінде ақшаны жеке қажеттіліктері үшін ұрлағандықтарын айтты.Сотталушылардың бірі қылмыстың бір бөлігін кәмелетке толмаған кезде жасаған. Сол себепті іс бізде қаралды, -дейді судья Нұрлыбек Ормаханов.
    Сот үкімімен 24 жастағы Жасұлан Мамбетов 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Қылмысты қайталағаны үшін бұрын істі болған жігіт енді жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Ал Нұрлан Орынғалиев 3 жыл 6 айға абақтыға қамалды. Бұған қоса тағы үш жігіт үш жылға бас бостандығынан айрылды. Қылмыстық топтың тағы бір мүшесі енді 1 жыл 6 айын түрмеде өткізбек. Сот залында сотталушылардың туыстары да болды. Үкіммен келіспеген наразы топ енді аппелияциялық шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сириядағы соғысқа қатыспақ болған 12 ақтөбелік сотталды
  • Ақтөбеде есірткі сатқан нашақор 10 жылға сотталды
  • Банк терминалынан ақша ұрлағандар ұсталды
  • Есірткі тасымалдаған ағайынды үш жігіт сотталды
  • Ақтөбеде Түркия азаматтары сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге