Ақтөбеде киік мүйізін сатып жүрген ауыл тұрғындары ұсталды

    Ырғыз ауданының 23 жастағы екі тұрғынынан 33 дана киік мүйізі табылды. Ұсталғандар ескірген мүйіздерді сатумен айналысқан. Бұл жөнінде “Керек info” тілшісіне жергілікті полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

    Полицейлер күдіктілерді қала көшелеріндегі “киік мүйізін сатып аламыз” деген жарнамаларды тексеру барысында анықтаған. Қазір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ескірген мүйіздердің қандай жолмен алынғанын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

    Бұған қоса Ырғыздың Қызылорда облысы, Арал ауданымен шекаралас аймағынан ителгі аулап жүрген Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды. 26 жастағы екі жігіт сирек кездесетін құсты қомақты қаражатқа саудаламақ болған. Қазір дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, олар үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы немесе 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда аң аулаған қызылордалықтар ұсталды
  • Киік мүйізін жинаған тараздықтар ұсталды
  • Киік атқандар ұсталды
  • “Браконьер-2015” іс-шарасы аяқталды
  • 48 тал киіз мүйізі тәркіленді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге