Қызы әкесінің өлімі үшін 7 млн теңге талап етуде

    Ақтөбелік бойжеткен “Тазалық” мекемесінде жұмыс істеген әкесінің өлімі үшін 7 млн теңге талап етіп отыр. Ол соттың моральдық шығынды марқұмды көлігімен қағып өлтірген жүргізуші мен жұмыс берушіден өндіріп бергенін қалайды.

    Оқиға былтыр 4-қазан күні болған. Сол күні 55 жастағы Жеңіс Қартбаев Ақтөбедегі айналма жолдардың бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатады. Алайда оны “Лада 21144” автокөлігін тізгіндеген жүргізуші қағып кетеді. Ауыр жарақат алған ер адам облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіледі. Дәрігерлік көмек көрсетілгеніне қарамастан, марқұм 6 күннен соң ес жимастан қайтыс болады.
    -Әкем 2011 жылдан “Тазалық” мекемесінде монтажшы болып жұмыс істеді. Бағдаршамдарды жөндеумен айналысатын. Оқиға болатын күні айналма жолға плакат іліп жатқан. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы полицияға шағымдандық. Алайда ол іс қысқартылды. Әкемнің артында 6 бала қалды. Отбасымыз асыраушысынан айрылды. Сондықтан кінәлі жүргізушінің жазаланғанын қалаймыз,-дейді марқұмның қызы Ботагөз Сейітова.
    Жәбірленушінің адвокаты Раушан Ізтілеуованың сөзінше, жол апаты болған күні марқұмның қасында туған інісі болған. Тазалық мекемесінде жұмыс істейтін ол есінде ештеңе жоқтығын айтып, куәлік етуден бас тартқан. Сондықтан, қылмыстық іс қысқартылыпты. Марқұмның қызы “Тазалық” мекемесі мен жүргізушіден 7 млн теңге моралдық зиян өндіруді талап етіп отыр. Алайда жауапкерлердің өкілдері талап-арызбен келіспейді. Қазір азаматтық іс сотта қаралып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • Қызынан айрылған әке кінәлі жүргізушіге 5 жыл беруін сұрап отыр
  • “Автопарк” жүргізушісі өз кінәсін толықтай мойындады
  • Жұмыссыз жігіт төрт баланың әкесін 500 теңге үшін өлтірген
  • Жалғыз ұлдары жол апатынан қайтқан ата-ана 5 млн теңге сұрайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге