Онкологиялық науқастарға кәріс дәрігерлері көмектеспек

    Оңтүстік Корея Ақтөбе облысымен денсаулық сақтау саласында бірге жұмыс жасағысы келеді. Әсіресе, онкологиялық науқастарды емдейтін құрал-жабдықтарды жергілікті «Актөбе рентген» АҚ зауытымен бірігіп жасауға ынта білдіріп отыр.

    Апта басында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жетекші консорциумдары мен медициналық орталықтары, ғылыми-зерттеу институттары ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет саласында өзара ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойды. Оңтүстік Корея дәрігерлері Қазақстанның алыс ауылдарында толыққанды дәрігерлік пункттердің жоқтығын алға тартып, жер көлемінің үлкендігін, дәрігер мамандарының, әсіресе маңызды медициналық құрылғылардың қат екенін айтып, осы мәселені бірігіп шешуге ұсыныс тастады. Ақпараттық-коммуникативті технологияның басты басымдықтарының бірі – тұрғылықты мекенге дейінгі қашықтыққа қарамастан, науқастарға жоғары білікті диагностикалық және консультациялық көмек көрсету мүмкіндігі. Бұл процес медициналық көмектің қолжетімді және оның сапасының жоғары болуына негіз болады.
    Қазіргі уақытта халық арасында жиі тарап кеткен онкологиялық ауруларды емдеудің бірден-бір тәсілі радиотерапия. Бүгінде радиотерапия – онкологиялық ауруларды жоғары тиімділікпен емдеу әдісі. Ал шетелден алынатын радиотерапияға қажетті қондырғының құны өте жоғары. Оңтүстік Кореяның жетекші ұйымдарының «Ақтөберентген» АҚ базасында заманауи, қымбат емес әрі тиімді, радиотерапияға қажетті қондырғы үлгілерін бірлесе отырып әзірлеуді қолға алмақ.
    Тараптар Қазақстандағы телемедицина және радиотерапия жүйелеріндегі инновациялық технологияларды бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ электронды денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу міндеттемелерін мойындарына алды.

    - Оңтүстік Корея делегациясы ұсынған жобалардың болашағы зор, сонымен қатар облыстың денсаулық сақтау саласына ғана емес, күллі республика үшін экономикалық тұрғыда тиімді. Оларды жүзеге асыру арқылы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, қолжетімділік және уақытылы диагностика мен емдеу сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Телемедицина – дәрігердің жаңа мүмкіндігі
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Ақтөбедегі жедел жәрдем бекеті талапқа сай емес
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге