Ішетін судан 30 см құрт шықты

    Ішетін судан  30 см құрт шықты

    Кеңкияқ ауылының тұрғыны Гүлзада Балғалиева ішіп отыған судан ұзындығы 30 см болатын құрт тауып алған. Тапқан “олжасын” жергілікті әкімдікке апарған тұрғынды ол жердегілер қолына құртын ұстатқан күйі шығарып салған.

    - 11 тамызда күйеуім хабарласты. Өзім жолда келе жатыр едім. Күйеуім су ішіп отырған краннан ұзын құрт түскенін айтты. Мен Алматыдан келгесін, әлгі құртты алып әкімдікке бардым. Ол жердегілер құртты көре сала, ауыз-су каналының адамдарын шақырды. Олар мойындаған жоқ. Мұндай құрт тек жылқының ішінде болады, судан шығуы мүмкін емес деді. Судың адамдары 10 тамызда ауыз суды хлорлағандарын айтты. Қолыма құртымды ұстатып, қоя берді. Үйге әкеліп суға салып қойдым. Әлі тірі. Қандай жәндік екенін тексермейді екен. Тек судың тазалығына тағы бір сынама жасайтын болды,- дейді Гүлзада Балғалиева.

    Ауыз судан мұндай құрттың шығып тұрғаны бірінші рет емес. Гүлзада Балғалиеваның айтуынша, бұрын да ауылдың ауыз суынан ұсақ құрттар шыққан.
    Темір ауданы тұтынушылардың құқын қорғау басқармасы ауыз судың сараптамаға жіберілгенін растады. Аудандық бөлімнің жетекшісі сараптама қорытындысы осы аптаның аяғында дайын болатынын мәлімдеді. Судың құрамы қаншалықты таза екендігін білу үшін ресми хат жолдау керектігін ескертті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бұлақтыкөлдің халқы май аралас су ішіп отырғандарын хабарлады
  • “Ақтөбе облысындағы 5 ауыл ауыз суды тасып ішіп отыр”
  • Ауыз су қымбаттайды
  • Жем қаласына ауыз су тартылды
  • Жайсаңбай ауылы ауыз судан қиналып отыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге