Жеті жасар баланы өлтірген қылмыскер бостандықта жүр

    “Cәуір айының аяғында жоғалған 7 жасар Саянды өлтірген қылмыскер әлі бостандықта жүр”. Осылай деген баланың туыстары тергеудің баяу жүріп жатқанына алаңдаулы екендерін жеткізді.

    Өзін Саянның әкесінің нағашысымын деп таныстырған Аманғос Ырзашұлы әлі бір хабардың жоқтығын айтты. Зейнеткер жиенінің уайымдап жүргенін айтып қапалануда. Туыстарының пікірінше, 40 шақты үйі бар кішкентай ауылдан қылмыскерді таба алмау мүмкін емес. Ал екі қыздан соң он жеті жыл күткен жалғыз ұлынан айырылған ата-ана төрт айдан бері қан жұтып отыр.

    -Жиенімнің уайымдап жүргеніне шыдай алмай, хабарласып тұрмын. Өзім Ырғызда тұрамын. Баланың ата-анасы уайымнан іш-құса болып өлетін болды. Ең болмаса күдікті мынау деген хабар болса. Оқиға болғанына біраз уақыт болды. Өлтірген адам әлі табылған жоқ. Жүргізіліп жатқан тергеу ісіне көңіліміз толмайды. Мыңдаған үй емес 40 шақты үйден қылмыскерді таба алмай отыр. Баланы даладан келіп ешкім өлтірген жоқ. Экспертизаны жібердік деді. Сол сараптамалардан хабар да жоқ, ошар да жоқ. Дұрыс жауап ала алмай отырмыз, - дейді зейнеткер. Оның айтуынша, күдіктіні ұстап, аз уақыттан соң жіберіп қойған. Ұсталған адамға байланысты күдік 60 пайызды ғана құраған. Ал ол 90 пайыз күдік туғызбаса жауапқа тартылмайтындығы айтылған. Күдікті қылмысты мойнына алған да жоқ дейді зейнеткер.
    Бала ауылдағы бір үйдің жанынан өтіп бара жатқанда жоғалып кеткен. Ата-анасы сол үйдің адамдарынан күдіктенетіндерін де жеткізді. Ал баланың өлі денесі табылған үй қыс бойы бос тұрған.

    Аралтоғай ауылдық округінің әкімі Рахила Сейтова қазір тергеу жүріп жатқандығын, әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындығын жеткізді.
    Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір күні Әйтеке би ауданы Милы ауылының əкімінің қорасынан жеті жасар Саянның денесі табылған еді. Баланы белгісіз біреу буындырып өлтіріп, мәйітті нағашы атасының мал қорасына тастап кеткен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әйтеке би ауданында 7 жасар баланың мәйіті табылды
  • Бес жасар қызды зорлаған педофил 17 жылға сотталды
  • Жұмыссыз жігіт төрт баланың әкесін 500 теңге үшін өлтірген
  • Зорлық көрген сәбидің анасы “алаяқ” атанды
  • Жоғалған қыз бала табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге