Терроризм баптары бойынша айыпталған екі жігіттің әкесі әділдік іздеуде

    29 тамыз күні ұсталған 21 жастағы Асланбек пен 17 жастағы Әбілқайырдың әкесі оларды жазықсыз соттап жатыр деп есептейді. Сондай-ақ оның айтуынша, адвокаттар терроризм баптарымен сотталып жатқандарды қорғауға қорқады.

    47 жастағы Марат Жалғастың екі бірдей баласы терроризм баптары бойынша күдікті аталып отыр. Ол балаларына тағылған айыбына келіспейді. Айтуынша, олардың терроризмге еш қатысы жоқ.
    - Олардың екеуі де намаз оқиды. Ең бастысы – арақ ішпейді, темекі тартпайды, спортпен шұғылданады. Ал намаз оқуға мемлекет тыйым салды деп естімегенмін. Егер олардың террористермен қарым-қатынасы болса, үйге қамап, оларды шығармас едім. 5 маусымдағы оқиғаға қатысы бар болса, өзім аямас едім. Бірақ кәмелеттік жасқа толмаған баламның қандай жазығы бар. Кеше, 1 қыркүйекте кіші баламның соты болды. Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын сот қанағаттандырды. Ең болмағанда, соны үй қамауына жіберуге болатын еді ғой, - деп айыпталғандардың әкесі ренжиді.
    Әкесі кенже баласын сот процесінде көрсе, үлкен баласының жағдайынан мүлдем бейхабар. Сот процесі жабық дегенді желеу етіп, ата-анасына тергеушінің кім екендігін де ешкім айтпаған. Соның салдарынан әкесі түрмедегі баласымен кездесе алмай жүр. Асланбек 29 тамыз күні таңертең үйден шығып кеткен. Содан бері жақындары оны көрмеген.
    - 29 тамыз күні Әбілқайырмен бірге оның достарын да ұстап әкеткен. Оларды босатты, тек Әбілқайыр әлі қамауда отыр. Сол күні олар маған кешкісін телефоныма қоңырау шалды. Олар менің інімді құқық қорғау органдары ұстағаны жайында хабарлады, - дейді Асланбек пен Әбілқайырдың туған ағасы.
    Марат Жалғастың айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарсы шығып, терроризм баптарымен сотталып жатқандарды адвокаттар қорғауға қорқады.
    - Таныс адвокаттың айтуына қарағанда, егер олар қорғаса, олардың лицензиясын тартып алуы мүмкін, - дейді күдіктілердің әкесі.
    “Жазықсыз” сотталып бара жатқан баласының тағдырына алаңдаулы әке сотқа өтініш білдіріпті.
    – Менің балам кәмелеттік жасқа толмаған. Ертең оны ұрады да, мойнына кінәні іледі. Ол жас болғандықтан, бәрін мойындауы мүмкін. Ол бала ертең 10-12 жыл отырып шығады. Жас баланың психологиясы қалай өзгеріп кететіндігін білмеймін. Ол түрмеден кейін қандай адам болып шығады? Оған шартты түрде жаза беріп, “ендігәрі қайталасаң, түрмеге отырғызамыз” деп қорқытса, жеткілікті емес пе? Шындық бұл елде айтылмайды, - дейді үміттен қол үзген Марат Жалғас.

    Айта кетейік, 17 жастағы Әбілқайыр Жалғас екі бап бойынша айыпталуда. Біреуі ҚР ҚК-нің 174 бабы 1 бөлімі – әлеуметтік немесе діни алауыздықты қоздыру, екіншісі, ҚР ҚК-нің 256 бабы 2 бөлімі – терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру. Сот құжатына сәйкес, ол “Е.Балтабаев, Н.Сәбитов, Д.Бисенғалиевпен бірігіп, қарулы қақтығыстарға шығу үшін террористік топтың басшысы С.Р.Құдайбергеновке ант берген”.
    ҰҚК-нің мәліметінше, Алмас пен Әбілқайыр Жалғастар 11 адамнан тұратын радикалды топтың құрамында болған (С.Құдайбергенов, А.Жалғас, Ә.Жалғас, Сарқұлов, Балтабаев, Сейітқали, Бисенғали, Сәбитов, Есенғұлов, Еменов, Досов).
    Аталған азаматтар «қасиетті соғысқа» дайындық жүргізген, өз айналасында радикалдық идеяларды белсенді насихаттаған, шетелдегі террористермен байланысқа шығуды жоспарлаған. Сонымен қатар өз араларынан жетекші сайлаған.
    29 тамызда оларды ұстау барысында номері өшірілген 16 колибрлі екі мылтық, оқ-дәрілер, тапанша, Калашников автоматының муляжы, халықаралық террористік ұйымдардың символикасы және экстремистік материалдар алынды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Терроризм актісін жасауға шақырған хромтаулық сотталды
  • Ақтөбе облысының 11 тұрғыны теракт жасамақ болған
  • Ақтөбелік өзінің туған інісіне терроризмді насихаттады

  • Ақтөбеде алғаш рет әйел адам “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге